Жаңалықтар

Бір тастың «былығы»

Қарағанды облысы қылмыстық іс жөніндегі мамандандырылған аудан-аралық соты бұзақылығы, қару сақтағаны және кісі өлтіргені үшін айыпталған үш ер адамның ісін қарауда. Тергеу нұсқасы бойынша жанжалдың шығуы мен кісі өліміне жалған гауһар тас себеп болған. Бұл туралы Қазақпарат хабарлады.

Айыптау актісіне сәйкес, сотталушылардың бірі танысынан гауһар тас сатып алған. Екі айдан соң оның жалған екенін білген ол танысымен хабарласып, тас үшін берген «Range Rover», «Toyota Land Cruiser 200» және «Lexus RX 350» маркілі үш көлікті қайтаруын талап етеді. Алайда, олардың арасында жанжал туындайды. Сотталушылардың бірі ер адамға оқ атып, оны Қарағандыдағы Мақажанов атындағы ортопедия және травмотология орталығының шығаберісіне тастап кетеді. Ер адам есін жимастан көз жұмған.

Өз тілшімізден.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button