Бас тақырыпРесми

Бір палаталы Құрылтайға көшу заң шығару үрдісін жылдамдатады – Қайрат Тастекеев

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Қайрат Тастекеев «Референдум–2026» онлайн-марафонында бір палаталы Құрылтайға көшу – заң шығару үрдісін жылдамдататынын атап өтті. 

Сурет «Референдум–2026» онлайн-марафоны
«Қазір бірінші заң Мәжіліске келіп түседі, талқыланады, одан кейін Сенатқа түседі. Оның талқылау мерзімі 60 күн. Заңды қарауға және қабылдауға ұзақ уақыт кетуі мүмкін. Құрылтай бір палаталы болса, уақыттың үнемділігі артады. Халықтың сұранасына сай не мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес шұғыл заң қабылдау қажет болса, жедел түрде ол заңды қарап талқылап, қабылдайды», – деді ҚР Парламенті Сенатының депутаты Қайрат Тастекеев.
Материалды әзірлеген Аяулым СОВЕТ

Басқа материалдар

Back to top button