Жаңалықтар

Бір мектептің 69 түлегі түгел грантқа түскен

Түркістан облысының Жетісай ауданында орын тепкен Б.Момышұлы мектебінің 63 түлегі мемлекеттік білім грантын иеленіп, ЖОО-на оқуға түсті. бір мектептің 63 түлегі түгел грантқа түскен

Жетісай ауданы адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты Б.Момышұлы мектеп гимназиясының оқушылары биылғы 2021-2022 оқу жылын сәтті аяқтады. Мектепті бітіруші бес сыныптың 63 оқушысы түгелімен мемлекеттік гранттың иегері атанды.

Сондай-ақ, олардың 30-ы Алтын белгіге, 21-і Үздік аттестатқа ие болған.

Айта кетейік, мектеп-гимназияның орташа балы 105% құраған. Сондай-ақ, аталған білім ордасынан соңғы 7 жылда 299 алтын белгі, 125 қызыл аттестат иегерлері шыққан.

Еске сала кетейік, кеше ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі білім беру гранты иегерлерінің тізімін жариялаған болатын.

Толық тізім ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің (https://t.me/gylym_jogary_bilim ) және министрлікке қарасты Ұлттық тестілеу орталығының Telegram каналында шықты.

Ендігі кезекте мемлекеттік білім гранты иегерлері оқуға қабылдану үшін құжаттарын ЖОО-на 25 тамызға дейін тапсыруы тиіс.

Басқа материалдар

Back to top button