Жаңалықтар

Бір азамат мерт болды

  «Теміртау-Қарағанды» автожолының бойында көлік апаты орын алды. Салдарынан 26 жастағы азамат мерт болды.

Облыстың ІІД баспасөз қыз­метінің мәліметінше, жантүршігерлік оқиға 26 қазан күні болған.

Алдын ала болжам бойынша, «Приора» көлігінің жүргізушісі көктайғақта рөлге ие бола алмай, жолдың қарсы бағытына өтіп кеткен. Сөйтіп, автобуспен соқтығысқан. Ал, қоғамдық көлік «Пежо» көлігін соққан. Үш көлікке де механикалық зақым келген.

«Осы жол-көлік апаты фак­тісі бойынша ҚР ҚК 345-бабы 4-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды, бірқатар сараптамалар тағайындалды» делінген баспасөз хабарламасында.

Ауа райы жағдайының на­шарлауына байланысты полиция қызметкерлері жүргізушілерге жолда абай болу қажеттігін ескертеді.

Қуаныш АМАНҚҰЛОВ

Басқа материалдар

Back to top button