Бас тақырып

Бір айлық жауын жауды

«Қазгидромет» мәліметінше, бір тәулікте, дәлірек айтқанда, 3 сағатта Қарағандыда 44,2 мм жауын-шашын түсті. Бұл – айлық мөлшердің (43 мм) 103 пайызы. Қарағанды әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, жүктеме күрт көбейгенімен, қаладағы жағдай тұрақты.

Сурет zakon.kz

«Ағаштардың құлауына қатысты 7 жағдай тіркелді, көпшілігі жойылды. Оларды кесіп, шығару жұмыстарымен арнайы бригада айналысуда.

Бүгін түнде жауын-шашын салдарын жоюға қалада 80 жол жұмысшысы мен шамамен 60 арнайы техника тартылды. Оның ішінде, 27 су соратын машина бар.

Қазіргі таңда барлық коммуналдық қызметтер мен төтенше жағдайлар департаменті күшейтілген режимде жұмысын жалғастыруда», – деді баспасөз қызметі. Тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылған.

Қалада барлығы 207 бағдаршам бар. Қазіргі уақытта олардың оны істемей тұр. Бұл бағытта да қалпына келтіру жұмыстары жалғасуда. Ақауларды жоюға екі мердігер ұйым тартылған.

Электрмен жабдықтауға келсек, тұтынушылардың басым бөлігі жарықпен қамтылған, бірер өтінімдер ғана қалды. Бұл орайда «Қарағанды Жарық» бригадалары жедел жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Жұмыстар жауын салдары толық жойылғанға дейін тоқтамайтынын хабарлады қала әкімдігі.

Аяулым СОВЕТ,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Back to top button