БІЛІМДІ ЕЛ – МӘҢГІЛІК ЕЛ
Заман талабына білім беру жүйесі де үнемі жаңарып, жаңалықтармен толысып отыруы қажет. Қоғамдағы күрделі мәселелерді негізге ала отырып, келер ұрпақтың санасына жақсы бағыт беру – басты міндет. Бүгінгі таңда діни экстремизм мен терроризм сөздерін естімеген адам аз шығар. Яғни, қоғамның елеулі оқиғаларының бірі десек болады. Осы мәселе бойынша Қарағанды облысы білім беруді дамытудың Оқу – әдістемелік орталығында «Мектеп оқушылары арасында діни экстремизм мен терроризмнің алдын алуды басқарудың құзырлылық амалы» атты мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларына бағдарламалық курс өтті. Курсты Өрлеу «БАҰО» АҚФ Білім беру жүйесінің «Педагогика және инклюзивті білім беру» кафедрасының аға оқытушысы Гүлжанат Байболова жүргізді.
Оқушылар арасында діни экстремизм мен терроризмнің алдын алуды басқарудың құзырлылық амалдары бойынша кәсіби құзыреттіліктерін дамыту мақсатын негізге алып, курста түрлі тренингтер өткізілді. Жан – жақты бағытта жұмыстар жасалды. Курсқа тыңдаушылар белсенді қатысып, тез тіл табысып кетті. Курстан тыңдаушы тарапынан экстремизм мен терроризмге қарсы тұру бағытындағы мемлекеттік органдардың жүйесі мен құрылымын, мектеп оқушылары арасында алдын алудың тиімді түрлері мен әдістерін, тәрбиелік шараларды ұйымдастыруда теориялық және әдістемелік материалдарды қолдана алуды үйретті. Бүгінгі күнде сабақтың сапасын арттырып, оқытудың әдістерін жетілдіре түсуде осындай курстардың маңызы зор. Курстағы үйренген әдіс-тәсілдерді тәжірибеде қолданып, оқушылардың жақсы қасиеттерін аша аламын деген сенімдемін.
Жаңыл ХУМАРБЕКҚЫЗЫ,
Балықтыкөл негізгі орта мектебі директорының тәрбие ісі жөніндегі
меңгерушісі.
НҰРА ауданы.