Ресми

Білімдегі жаңашыл мазмұн

Қарағанды облысы елімізде бірінші болып, «SabiDamu виртуалды балабақшасы» онлайн-платформасының жұмысын бастайды. Бұл жоба балалары балабақшаға бармайтын ата-аналарға баланың дамуына ықпал ететін сапалы әдістемелік материалдарға қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Жақында Қарағанды облысына жұмыс сапарымен келген Премьер-Министрдің орынбасары Тамара Дүйсенованың назарына бөбекжайда ата- аналарға балаларын дамыту және тәрбиелеуге көмектесетін «SabiDamu» платформасы ұсынылды. Оның негізгі міндеттері – ерте даму скринингі және өзін-өзі диагностикалау.

Сурет автордан

– Біз жаңа платформа құрып жатырмыз. Бұл жоба балалары қандай да бір себептермен балабақшаларға бармайтын ата-аналарға арналған. Оларға баланы үйде қалай дамыту керектігі айтылады. Ата-аналар кез келген проблеманы анықтау үшін тест тапсырады. Оларды түзетуге логопедтер, дефектологтар, психологтар көмектеседі, – деді «Өрлеу» компаниясының басшысы Фарида Ақшолақова.

Платформада қазақ және орыс тілдерінде баланы дамытуға арналған мультфильмдер, түрлі тапсырма бар. Мектепке дайындық процесі онлайн форматта автоматтандырылады.

Кеңесте Тамара Дүйсенова білім беру жүйесіндегі сабақтас­тық мәселесін көтеріп, балалар мектепке өткенде күйзеліске түспей, оқу үдерісіне тез бейімделуі үшін мектепке дейінгі мекемелер мен бастауыш сыныптардың білім беру бағдарламаларын біріздендіру қажеттігін атап өтті. Маңызды рөл атқаратын дүние – баланың жеке даму картасы, оны ерте жастан бастап жүргізіп, кейін бастауыш мектепке тапсыру қажет.

Тамара Дүйсенова «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында балабақша тәрбиеленушінің шығармашылық қабілеттерін арттыру және оларды елін, Отанын сүйетін, туған жерін қорғайтын патриот азамат болуға тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырылған қолөнер көрме жұмысымен таныс­ты. Балалардың қызығушылығы мен бейімділігін болашақта мамандық таңдау үшін жасалған мамандықтар әлемімен, робототехника кабинетіндегі «Smart Bala» жобасы аясындағы интерактивті ұлттық ойындарды бақылады.

Облыстың мемлекеттік және жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдарының директорларымен вау­черлік қаржыландыруды енгізу бойынша пилоттық жоба туралы Тараз қаласындағы №9 балабақша директоры Жанар Оспанова баяндады. Кездесуде мектепке дей­інгі және мектептегі білім деңгейі арасындағы сабақтастық мә­селелері туралы айтылды. Премьер-министрінің орынбасары Та­мара Қасымқызы Қарағанды облысына жасаған жұмыс сапары барысында таныстырылған білім саласындағы жұмыстарға оң бағасын берді және нәтижелі жұмыс тіледі.

Шырын КЕНЖЕБЕК,
«Шаңырақ» бөбекжайының директоры.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button