Білім

Bilimal һәм бірегей бастама

Қарағандыда Halyk Bank өкілдері Bilimal білім беру платформасымен бірлесіп, 5-11 сынып оқу­шыларын ынталандыруға бағыт­талған бірегей бастаманы іске қос­ты. Енді Bilimal-да тіркелген Қарағанды облысының оқушылары формативті бағалаудағы (ФО) әрбір 10 балл үшін Halyk Bank-тың 100 бонусын алады.

Сурет ұйымдастырушылардан

Жобаның бастамашысы – «Қазақстан Халық Банкі», «Өрлеу» инновациялық технологиялар орталығы» ЖШС және «Күнделік» ЖШС.

– Бағдарлама оқушылардың білім деңгейін арттыруға ынталандырып, сондай-ақ олардың қаржылық сауаттылығын дамытуға бағытталған. Бұл мектеп оқушыларына жақсы оқып қана қоймай, смартфон арқылы сатып алу ақысын төлеуге мүмкіндік береді. Бағдарламаның жұмыс істеуінде белгілі қиындықтар жоқ. Bilimal жүйесіндегі әрбір 10 ұпай үшін Halyk Easy картасы болған жағдайда шотқа 100 бонус есептеледі. Бонустарды Halyk қосымшасында және Halyk POS-терминалдары бар мекемелерде пайдалануға болады. Максималды есептеу – айына 1000 бонус. Оны есептеу баға қойылғаннан кейін 24 сағат ішінде автоматты түрде жүзеге асырылады, – дейді облыстық білім басқармасының бас маманы Гүлдана Нұрсұлтан.

Қосымшаға EduMark 2.0 мобильді қосымшасы арқылы ата-анасының шотымен тіркелген жөн. «Таспа» бөлімінде Halyk easy баннерін басып, бағдарламаның шарттарымен танысып, деректерді өңдеуге және беруге келісім беру керек. Нұсқау­ларды орындау арқылы балаға Halyk Easy картасын ашасыз. Halyk Kazakhstan қосымшасын орнатып, сәтті тіркелгеннен кейін бонустар оқушының шотында автоматты түрде есептеледі.

Есептелген бонустардың мөлшері Halyk қосымшасында көрсетіледі. Алайда, тоқсандық бағалар, өткен материалдың бөлімі үшін жиынтық бағалар бағдарламаға қатыспайды. Бонустар жүру үшін ата-ананың картасы бұғатталмаған болуы тиіс.

Аяулым СОВЕТ,
«Ortalyq Qazaqstan»

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button