Білім

Білім саласында 11 млрд. теңге ұрланған

Мемлекет соңғы үш жылда білім беру саласын дамыту үшін бюджеттен 12,1 трлн. теңге бөлген. Ал, бөлінген бұл ақша 2021-2023 жылдарға арналған мемлекеттік бюджеттің барлық шығысының 28 %-ын құрайды. Ағымдағы жылы саланы қаржыландыру екі есеге өсіп, жыл сайынғы бөлінетін қаржы 5 трлн. теңгеге жеткен. Осы тұста Антикор заң бұзушылықты анықтап, қаржыны қалтаға басқандарды анықтады, – деп хабарлайды Ortalyq.kz Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

 

– «Педагог мәртебесі» туралы Заң қабылданып, мұғалімдердің жалақысы екі есеге, ғылыми дәрежесі мен сабақтан тыс сабақтары болған жағдайда – үш есеге арттыруға мүмкіндік берілді. Президент қоғамдағы педагог мәртебесі мен беделін одан әрі арттыру бойынша бағытын айқындап берді. Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлық көріністері педагогтерді әлеуметтік қолдаудың барлық мемлекеттік шараларын теңестіреді. Мәселен, 2020 жылдан бастап білім беру саласында 343 сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық тіркелді. Оларды жасауда 255 адам әшкереленді.

Антикоррупциялық қызмет білім беру саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізді. Талдау осы саладағы сыбайлас жемқорлықтың жүйелілігін көрсетеді. Негізгі назар білім беру бюджетінің 70%-ға жуығы жіберілетін еңбекақы төлеу қорына аударылды. Осы жұмыстың нәтижесінде бюджет қаражатын ұрлаудың жоспарлаудан бастап игеруге дейінгі барлық схемалары ашылды, – делінген Антикордың хабарламасында.

2020 жылдан бері мемлекетке келтірілген залал шамамен 11 млрд. теңгеге жеткен.

Басқа материалдар

Back to top button