Жаңалықтар

Білім мен ғылымды дамыту жөніндегі аймақтық қоғамдық кеңестің отырысы өтті

«Nur Otan» партиясы облыстық филиалы жанындағы Білім мен ғылымды дамыту жөніндегі аймақтық қоғамдық кеңестің отырысы өтті.

Қарағанды облыстық филиалы жанындағы Білім мен ғылымды дамыту жөніндегі аймақтық қоғамдық кеңес төрағасының орынбасары Мейіржан Сыздықов кеңес мүшелерімен бірлесіп «Nur Otan» партиясының Жол картасында көрсетілген пункттердің орындалу барысын тыңдады.
Аймақтық кеңес отырысында Қарағанды облысы Білім басқармасы басшысының орынбасары Жүнісова Гүлбақыт Серікжановна партияның «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір» сайлауалды бағдарламасында көрсетілген «Білім сапасын жақсарту» бағыты бойынша облыста атқарылған жұмыстар туралы егжей-тегжейлі баяндап берді. Сайлауалды бағдарламаға сәйкес биылғы жылы білім саласы бойынша бірнеше пункттер жүзеге асты. Халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан 1-4 сынып оқушыларын тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етуді ұйымдастыру бойынша 107 мың бала қамтылды. Қашықтықтан оқыту сақталған жағдайда халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан балалар компьютерлік техникамен толық қамтылған. Дуальды оқыту формасы бойынша оқуды аяқтаған 670 мың ТжКББ түлектері жұмысқа орналастырылды. Сонымен қатар, облыс бойынша 118 аула ішіндегі санитарлық-гигиеналық тораптар мектеп ғимараттарына көшірілді. Оқу орындарының қабырғасында оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету құралдарының бірі бейнебақылау камераларын орнату болып табылады. Бүгінгі күні облыстың барлық білім беру ұйымдарында 846 млн. теңгеден астам сомаға 19827 бейнебақылау камералары орнатылды. Қосымша білім беру ұйымдарының желісін кеңейту бойынша облысымызда бірнеше нысандар салынды. Ақтоғай ауданында қосымша білім беру орталығы ашылып ол политехникалық, биологиялық бағыттар бойынша жұмыс істейді. Ұлытау ауданының Жезді кентінде мектеп ғимаратында қосымша білім беру ұйымдарының 2 филиалы ашылды. Ақпан айынан бастап Осакаров ауданында 7 бағыт бойынша жұмыс істейтін технопарк жұмыс істеуде. Қарағанды қаласында жасөспірімдер сарайы ашылды. Аталған нысан 15 қыркүйектен бастап пайдалануға беріліп, және қазіргі уақытта сабақтар жүргізілуде. Жаңаарқа ауданында жасөспірімдер үйі ашылып, қолдануға берілді.
Жыл соңына дейін оқушылар сарайының және Республикалық Жол картасында көрсетілген 4 мектептің құрылысы аяқталады деп жоспарлануда. Осы іс-шаралардың барлығы өңірлік жол картасында көрініс тауып, партияның ерекше бақылауында.
Отырыс барысында аумақтық қоғамдық кеңестердің төрағалары тыңдалып, әрбір Төраға қалалар мен аудандардың Жол карталары пункттерінің орындалу барысы туралы баяндалды.
Отырыс қорытындысы бойынша уәкілетті органдарға Жол карталарының индикаторларын уақытылы іске асыруы бойынша ұсынымдар берілді.

Басқа материалдар

Back to top button