Білім

Білім мен тәжірибе үндестігі

Қазтұтынуодағы Қара­ғанды уни­­верситеті «Qaz­Tehna» ЖШС ая­сында жо­­ғары оқу орнының фи­­ли­алын ашу туралы ке­лісімге қол қойды.

Мұндай келелі келісім жасалғандығы туралы «Жұмысшы мамандықтары жылы» аясында «Жұмысшы мамандықтарын тану және танымал ету: білім беру Қарағанды облысының тұрақты дамуының драйвері ретінде» атты форумында мәлім болды.

Форум барысында білікті мамандарды даярлау тетіктері, еңбек нарығындағы сұраныс, білім беру ұйымдары, жұмыс берушілер мен мемлекеттік құрылымдар арасындағы өзара іс-қимыл жолдары, сондай-ақ, аймақтағы білім беру саласында қызмет көрсететін ұйымдардың білім беру бағдарламаларын түзету мәселелері кеңінен талқыланды.

Университеттің ашық диалог алаңында Қазтұтынуодағы Қарағанды университетінің профессорлық-оқытушылық құрамы мен сарапшылар қауымдастығы тегіс жиналды. Сонымен қатар, форум аясында университет пен Қарағанды тұрмыстық техника зауыты арасында ынтымақтастық туралы арнаулы меморандумға салтанатты негізде қол қойылды.

– Біз білім, ғылым, өндіріс және әлеуметтік инфрақұрылымды басты орынға қоямыз. Тек осындай жағдайда ғана сапалы білім бере аламыз, – деді университет ректоры Ерқара Аймағамбетов.

Келісім – білім мен өндірістің тығыз байланысын нығайтуға жасалған маңызды қадам екендігі һақ. Университет пен кәсіпорын арасындағы сенімді серіктестік білікті мамандар даярлауға, олардың заманауи өндіріс талаптарына сай бейімделуіне жол ашады. Облыстың тұрақты дамуы үшін білім беру саласы мен еңбек нарығының өзара ықпалдастығы аса маңыз­ды. Демек, білім мен тәжірибе үндестігі келешекте өз нәтижесін беріп, кәсіби мамандардың жаңа буыны қалыптасары шүбәсіз.

Ерқанат КЕҢЕСБЕКҰЛЫ,
«Ortalyq Qazaqstan»

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button