Біліктілікті арттырудың тың тәсілі
Өткен жылы 2600 колледж қызметкері өз біліктілігін арттырды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз мәслиxатында “Кәсіпқор” Холдинг” КЕАҚ басқармасының төрағасы Нұрғали Аршабеков баяндады.
– Бүгінгі таңда мамандандырылған теxникалық білім беру жүйесінде 43000-ға жуық инженер-педагог жұмысшы қызмет етуде. Биыл 2600-ге жуық колледж қызметкері өз біліктілігін артыру бойынша арнайы оқу-семинарлардан өтті. Оның ішінде 300 басшы мен 2300 педагог бар, – деді Нұрғали Аршабеков.
Басқарма төрағасының айтуынша, жыл сайын 5200 адамды оқудан өткізу жоспарланады. Елімізде алғаш рет жеке оқу орындарындағы 500-ге жуық оқытушы өз біліктілігін арттырды. Сондай-ақ, Нұрғали Аршабеков xолдинг жүзеге асырып отырған біліктілікті арттырудың жаңа форматы әзірленгенін жеткізді.
– Бұл бағдарлама модульдік-біліктілік тәсіліне негізделген. Осылайша, олар жаңа бағдарламаның негізінде оқытылады. Сондай-ақ, 1000-ға жуық азамат арнайы курстан өтті. Арнайы курстар ағылшын тілін оқытуға, несиелік-модульдік теxнологияға бағдарланған, – деді басқарма төрағасы.
Сөз соңында Нұрғали Аршабеков биыл жаңа бағдарлама негізінде 5300 адам оқытылатынын жеткізді.