Біліктілікті арттыру – басты міндет
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан-2050» Стратегиясын жариялағаннан бері халқымыз әлемдегі дамыған отыздықтың құрамына ену үшін ортақ мақсатқа жұмылды. Осы мақсатқа жету жолындағы «100 нақты қадамды» Елбасы айқындап, көрсетіп берді. Ұлт жоспарында қоғамның барлық саласын одан әрі жетілдіру бойынша нақты іс-шаралар толықтай қамтылған.
Жақында Қарағанды облысы әкімі аппаратының «Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру аймақтық орталығы» КМҚК ғимаратында 15-қадамда көрсетілгендей мемлекеттік аппараттың кәсіби деңгейін арттыруға бағытталған семинарлар өтті. Семинарда «Б» корпусы қызметшілерінің жұмыс сапасын олардың жылдық жеке жоспарының іске асыруын бағалауды және атқарылатын жұмысының тетіктерін жетілдіруді қамтамасыз ететін тұстар түсіндірілді.
Мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын жүзеге асыруға, жергілікті жерлердегі бағдарламалар мен қойылған мақсаттардың іске асыру әрекеттерінің тиімділігіне талдау жасау, агроөнеркәсіптік кешеннің, шаруа қожалықтарына нақты көмек көрсетудің, білім, денсаулық сақтау инфрақұрылымын және басқа да әлеуметтік салаларды дамытудың өзекті мәселелері талқыланды.
Нұрдос КӘРІМ