Медицина

Біліктілік арттырудың бірегей мүмкіндігі

Бұл күндері республиканың барлық өңірлерінен жиналған генетик дәрігерлер мен ультрадыбыстық диагностика мамандары Санкт-Петербург  қаласындағы Д.Отта атындағы акушерлік, гинекология  және репродуктология ғылыми-зерттеу институты базасында біліктілігін жетілдіруде.

 

Курсқа қатысушылар пренаталдық скринингтің негізгі әдістерін, жүктіліктің бірінші және екінші триместріндегі хромосомалық ке­містіктердің ультрадыбыстық мар­керлерін зерттейді, инвазивті пренаталдық диагностиканың негіздерімен танысады.

Сонымен қатар, оқыту барысында ұрық материалын зерттеудің ци­то­генетикалық, мо­лекула­лық-цитоге­нети­ка­лық, молекулалық-ге­нети­калық әдістерін қол­дану ерекшеліктері оқы­тылмақ. Ұрықтың туа біткен кемістіктері мен генетикалық патологиясын анықтау кезінде жүкті әйелдерді бақылау, медициналық-генетикалық кеңес беру ерекшеліктері де айтылады деп жоспарланған.

Жансая ОМАРБЕК,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button