Жаңалықтар

Бес әлеуметтік бастама – береке бастауы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы 2018 жылғы 31 мамырдағы № 107 қаулысымен «7-20-25. Әрбір отбасына баспана алудың жаңа мүмкіндіктерін беру» ипотекалық тұрғын үй кредиттеу бағдарламасын (бұдан әрі- Бағдарлама) бекітті. Оған Қазақстан Республикасының кез келген азаматы қатыса алады.


Бағдарламада Қазақстан Республикасының кез келген өңірінде бастапқы нарықта тұрғын үй сатып алу үшін мынадай құн шегінде ипотекалық тұрғын үй қарызын алу мүмкіндігі қаралады:
25 млн теңге – Нұр-Сұлтан, Алматы және Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған шекаралары шеңберінде олардың қала маңы аймақтары, Ақтау, Атырау, Шымкент қалаларында;
15 млн теңге – басқа өңірлерде.
Бағдарламаның операторы «Баспана» ипотекалық ұйымы» АҚ болып табылады.
Бағдарламаның негізгі талаптары:
Нысаналы мақсаты – бастапқы тұрғын үй сатып алу;
Бастапқы жарна – сатып алынатын тұрғын жылжымайтын мүлік болып табылатын кепілмен қамтамасыз ету құнының 20%-ы;
Қарыздың ең көп сомасы – кепілмен қамтамасыз ету құнының 80%-ы;
Ипотекалық тұрғын үй қарызының валютасы – теңге;
Сыйақының жылдық номиналдық мөлшерлемесі – 7%;
Ипотекалық тұрғын үй қарызының мерзімі – 25 жылға дейін;
Бағдарламаның талаптарына сәйкес банктердің қарыздар беру және қызмет көрсету үшін қарыз алушылардан комиссия алуға құқығы жоқ.
Қарыз алушыларға қойылатын талаптар қоса қарыз алушыларға қолданылмайды, оларға қойылатын талаптарды банк өз бетінше белгілейді. Банк қарыз алушыларға, сондай-ақ кепіл заты мен құнына қатысты Бағдарламаға қайшы келмейтін қосымша талаптарды белгілеуге құқылы. Қарыз алушы банкке берілетін құжаттар мен ақпараттың шынайылығы үшін жауапты болады.
Ағымдағы мезетте бағдарламаға қатысу үшін жеке тұлғалардан өтінімдерді екінші деңгейдегі 8 банк қабылдайды: «Банк Центр Кредит» АҚ, «АТФ Банк» АҚ, «Цеснабанк» АҚ, «Bank RBK» АҚ, «Еуразиялық Банк» АҚ, «Қазақстан Халық Банкі» АҚ, «Forte Bank» АҚ және «Ресей Сбербанкі» АҚ.
Бағдарламаны іске асыру шеңберінде 2019 жылғы 23 мамырдағы жағдай бойынша Қарағанды облысының аталған банктерінің филиалдары 3 455,7 млн теңге сомасында қарыз алуға 332 өтінім қабылдады. Оның ішінде 1 877,2 млн теңге сомаға қарыз беруге 176 өтінім мақұлданды, іс жүзінде 1 442,5 млн. теңге сомаға 135 қарыз берілді.
Бағдарлама бойынша сұрақтар туындаған жағдайда азаматтар «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» РММ Қарағанды филиалына мына телефондар арқылы хабарласа алады: +7(7212)55-93-35, 55-93-30, сондай-ақ «Баспана» ипотекалық ұйымына тәулік бойы +7(727) 227-20-25 нөмірі бойынша немесе +7(727) 258-49-91 телефоны бойынша хабарласа алады.
Қосымша ақпаратпен «Баспана» ипотекалық ұйымының ресми интернет-ресурсынан мына сілтеме бойынша танысуға болады: www.baspana72025.kz.

Басқа материалдар

Back to top button