Ресми
Бес үйге барады
Қарағандыдағы №80 учаскелік сайлау комиссиясының мүшелері түрлі себептермен дауыс беруге сайлау учаскесіне өздері келе алмайтын азаматтардың үйіне барады. Әзірге, бес тұрғыннан өтініш түсті.
Учаскелік сайлау комиссиясының төрағасы Наталья Мисюринаның айтуынша, бұл азаматтарға комиссия мүшелерінен жасақталған топ сағат 12.00-ден кейін барады.
Бүгін бұл сайлау учаскесінде 2517 адам адам дауыс беруі тиіс. Наталья Михайловна атап өткендей, сағат 8.30-да 120-дан аса адам дауыс беріп үлгерді.
– Сайлау учаскесі ашылғанда келгендер көп болды. Басым бөлігі – жұмысқа кетіп бара жатқандар. Содан кейін егде жастағы азаматтарымыз белсенділік танытты, – дейді комиссия төрағасы.
Нұрқанат ҚАНАПИЯ,
Оrtalyq.kz