Жаңалықтар

Бес басымдық – зор бастама

Бес әлеуметтік бастама – қоғамның маңызды деген салаларын әлеуметтендіруге жасалған қадам. Ипотека алуды жеңілдету, оқу орындарындағы грант көлемін арттыру, бірқатар азаматтардың салық жүктемесін азайту сияқты мәселелер қарастырылған.

Еліміздің білім беру саласын әлемдік стандарттар деңгейіне көртеру үшін мемлекет айтарлықтай қолдау жасауда. Білім беру үрдісі мен ғылыми жұмыстарды қаржыландыру жыл санап артып келеді, жоғары оқу орындарының ғылыми және материалдық базасы жаңаруда. Келесі оқу жылында Президентіміз грант көлемін тағы 20 мыңға ұлғайтуды тапсырды. Бұл жоғары білімді қол жетімді етеді. Елбасы студент жастардың жатақханамен қамтамасыз етілу мәселесіне де басымдық берді.

Қарағанды мемлекеттік индустриалық университетінде әлімдік аналогымен сәйкес келетін «Электронды микроскопия және нанотехнология» ғылыми зертханасы жұмыс істейді. Зертхана базасында студенттеріміз бен магистрлар ғылыми жұмыстарымен айналысуға мол мүмкіндік алды. Новатор оқытушылар өздерінің ғылыми жұмыстарын жүзеге асыру үшін гранттар конкурсына қатысып, халықаралық деңгейде өз білімін көрсете алады. Бұл мәселе қаржыландырылу да мемлекет тарапынан жасалады. Яғни, ғылыммен айналысқан жастарымыз үшін жағдай жасалған.

Біздің оқу орны «Серпін» байдарламасы бойынша мамандар даярлап жатқан оқу орындардың бірі. Сапалы жоғары білім алғысы келетін студенттер үшін жасалған қолдау деп білеміз. Елбасының жүктеген міндеттерін орындап, білім мен ғылымды дамытып еліміз экономикалық және әлеуметтік дамудың көшбасшысына айналып, инвестиция, технология, білім мен білікті мамандар шоғырланатын ортаға айналуы тиіс.

Т.СЕМЕНОВА,

ҚМИУ-дың «Қазақстан халқы Ассамблеясы»

кафедрасының меңгерушісі.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button