АймақБұқар жырау
“Берсең,балаға бер!”
Халқымыздың осындай қанатты сөзі бар. Соған орай Үміткер ауылдық округінде Халықаралық балаларды қорғау күнінде балаларға арнап “Ертегілер әлеміне саяхат” мерекелік бағдарламасы өткізілді.

Округ әкімі Ерсін Зәлелов ауыл балалары мен бүлдіршіндерін мерекемен құттықтап, олар клуб көркемөнерпаздарының концертін тамашалап, тәтті-дәмдіге кенелді.
Бұл күнгі бағдарламада жас жеткіншектер түрлі эстафеталық ойындар мен асық ату, қазақша күрестен жарысқа түсіп, жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар берілді. Сондай-ақ олар өздерінің сүйікті ертегі кейіпкерлерімен кездесіп, аю,қоян киіміндегі аға-әпкелерін қызықтады.
Ержан ИМАШ,
Бұқар жырау ауданы