Шет

Берекелі жәрмеңке

    Күзгі жиын-терін басталды. Жаз бойғы диқан, бағбан қауымының тынымсыз еңбегі өтеліп, дастарқан сөрелері береке, ырзыққа толады.

Ағадыр кентінде кең көлемдегі жәрмеңке өткізіліп, жұртшылықтың көңілінен шықты. Қарағандыдан «Қасымов», «Мехмет» ЖШС сондай-ақ, Тараздың Сарыкемер ауылынан кәсіпкерлер арнайы келіп, күзгі жәрмеңкенің көркін қыздырды. Алма, алмұрт, пияз, бұрыш, қияр, қызанақ, қара және сары өрік, мейіз, орам жапырақ, қарбыз, сәбіз, жүзім, картоп төмен бағамен сатылды. Сонымен қатар, кент тұрғындары өз қажеттерін ашып, киім-кешек тауарларын төменгі бағамен алды.

– Күзгі жәрмеңке сәтімен жалғаса берсе екен,– кент тұрғындарының тілегі осы.

Оралбек ЖҮНІСҰЛЫ

ШЕТ ауданы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button