Жаңалықтар
Береке бастауы – бірлікте
«Таза Қазақстан – таза аймақ» акциясы аясында №36 жалпы білім беретін мектеп ұстаздары, қызметкерлері мен оқушылары сенбілікке шықты.
– Мектеп ауласын қоқыстан тазартып, санитарлық тазалық шараларын жүргіздік. Нақтырақ айтсақ, мектеп мұғалімдерінен – 30, қызметкерлерінен – 10, оқушыларынан – 25 адам белсенділік танытып, тазалық жұмысына қатысты. Таза ауада жұмыла жүріп, жұмыс істедік, – дейді аталған мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Айнұр Қуанбаева.
Жалпы, ұзақ жылдық тарихы бар №36 мектеп қала мектептері арасында қоғамдық жұмыстарға белсенді атсалысып жүретін білім ордасы.
Мектептің оқушылары да түрлі білім сайыстарынан алдыңғы қатардан көрініп жүр.
Жәлел ШАЛҚАР,
Ortalyq.kz