Бас тақырып
Бензин мен дизель отынының бағасын мемлекеттік реттеу ресми түрде жойылды
Нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкі бензин мен дизель отынының бағасын мемлекеттік реттеудің күшін жою туралы бұйрық шығарды. Бұйрыққа Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев қол қойды.
Атап айтқанда, төмендегі бұйрықтар күшін жоғалтты:
- “Бағаларды мемлекеттік реттеу белгіленген мұнай өнімдерінің тізбесін бекіту туралы” Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 8 желтоқсандағы бұйрығы;
- Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 19 мамырдағы “Бағаларды мемлекеттік реттеу белгіленген стационарлық жанармай құю станциялары үшін мұнай өнімдерін бөлшек саудада өткізудің шекті бағаларын белгілеу туралы” бұйрығы және бірқатар бұйрықтар оларға түзетулер енгізу.
Бұйрық 2025 жылдың 30 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Күші жойылған бұйрықтардың толық тізімін мына сілтемеден көруге болады.
Материалды әзірлеген Аида РАХЫМҚҰЛОВА