Ресми

Белсенділік – жоғары

Әлихан Бөкейхан ауданы №61 орта мектепте орналасқан 136, 137, 138 сайлау учаскелерінде Парламент Мәжілісі мен мәслихаттар депутаттарының сайлауында  дауыс беру қызу жүріп жатыр. Әр учаскеде 15-ке жуық байқаушы бар. Кіреберісте үміткерлер жөнінде толық мәлімет суретімен қоса ілінген. Барлық қажетті ақпарат тұр.

Сурет: автордан

Таңғы 7:00-де Мемлекеттік Әнұран орындалып, ел азаматтық парызын орындауға кірісті.

Күмбір-күмбір күй ойнап тұр. Елдің белсенділігі жоғары. Учаске жұмысын бастаған сәтте 20-ға жуық тұрғын дауыс беруге кірісті.

– Алғашқы жарты сағаттың ішінде №136 учаскеде – 29, №137 учаскеде – 22, №138 учаскеде – 34 дауыс берілсе, қазірге дейін әр учаскеде 100-ге жуық адам өз таңдауын жасап үлгерді. Елдің көңіл күйі көтеріңкі. Білмеген жерін түсіндіріп жатырмыз. 18 жасқа толып, алғаш рет дауыс беретін сайлаушыға естелік сыйлық дайындадық. Бірақ, әзірге келген жоқ, – дейді №136 учаскелік сайлау комиссиясының төрағасы Гүлзада Маженова.

Сонымен қатар, сайлаушыларға мектеп асханасынан тегін ыстық тоқаш таратылды. Осылайша, мерекелік көңіл күй салтанат құрған сайлау учаскелерінде жауапты тұлғалар жұдырықтай жұмылып, елге қызмет етуде.

Жәлел ШАЛҚАР,

Оrtalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button