Белсенді оқушы белесі
Елімізде күн сайын білім саласында түрлі жаңалықтар орын алуда. Осындай жаңалықтардың бірі – оқушылармен зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру. Бұл – өз бетінше зерттеу жүргізу және нәтиже алу үшін ғылыми тәсілді қолдану.

Мұғалім үшін қойылған міндеттерді шешу, практикалық дағдыларды қолдану және алынған нәтижелерді талдау маңызды. Оқу жылы бойы оқушылармен жүргізілген жұмыстар таланттарын ашуға және белгілі салада дағдыларын көрсетуге мүмкіндік берді. Зерттеу жұмыстарының бірі – химия пәні бойынша №3 гимназияның 9 «Ғ» сынып оқушыларымен жүргізілген жұмыс шайдың сапасы мәселесіне арналды. Оқушылар теориялық материалды сәтті өңдеді. Жұмыстың практикалық бөлігіне қызығушылықпен қарап, бәрін сауатты рәсімдеп, қызықты қорытындылар ашты. Жоба қорғауда 9 «Ғ» сынып оқушысы Гүлім Жасұланқызы ынта-жігерін көрсетіп, оқушылар арасында лайықты екінші орынға ие болды. Сонымен қатар, «Шәкәрім мұрасы – адамның ғылыми-адамгершілік кемелденуінің негізі» атты қала мектептерінің 8-11 сынып оқушыларына арналған ғылыми-практикалық конференцияға қатысуға мүмкіндік алып, І жүлделі орынға ие болды. Қазылар алқасы Гүлімге «Зерде» республикалық ғылыми-практикалық конференциясына қатысуға ұсыныс берді.
Дана ЖАНТУРИНА,
№3 гимназияның химия пәні мұғалімі
Қарағанды