Ресми

Электр тоғынан қайтыс болды

Облыстық полиция департаментінің ресми өкілі Бақытжан ҚҰДИЯРОВ «Горняк» аялдамасында көз жұмған 33 жасар тұрғын жайлы пікір білдірді.

9 маусымда «Горняк» аялдамасындағы дүкеннің кіреберісінде 33 жастағы ер адам белгісіз жағдайда қайтыс болды. Әлеуметтік желілерде бұған дейін жігіттің экспедитор болып жұмыс істейтіні туралы айтылған. Дүкенге тауарды кіргізу барысында қолындағы қорабы қоршауға тиген. Өкінішке қарай, қала тұрғыны сол арада көз жұмды.

Сот-медициналық сараптама көрсеткендей, 33 жастағы тұрғынның өлімі электр тоғынан болған. Қазір ҚР Қылмыстық кодексінің 306-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін қажетті тергеу шараларын жүргізуде – дейді Бақытжан Садықұлы.
Ал, бұған дейін 6 маусымда осы ауданда 36 жастағы әйелдің денесі табылған еді.

Басқа материалдар

Back to top button