Жаңалықтар

Белгілі журналист Гүлбақша Ақажанова «Шаңырақ» республикалық байқауының бас жүлдесін иеленді

Облыстық «Saryarqa» телеарнасының шеф-редакторы, белгілі журналист Гүлбақша Ақажанова әріптесіміз «Шаңырақ» республикалық шығармашылық байқауының бас жүлдесін иеленді.

Әріптесіміздің бұл жетістігі Арқа журналистикасының абыройы. Көзіқарақты көрермен Гүлбақша әріптесіміздің хабарларын, репортаждарын үзбей көреді. Тележурналистикада өзіндік қолтаңбасы бар.

Әріптесіміздің өзі «Бұл «Saryarqa» телеарнамның және «Аймақ айнасы» хабарындағы кейіпкерлерімнің жеңісі» дейді. Бұған дейін де талай шығармашылық байқауларда олжа салып жүрген әріптесімізді кезекті жүлдесімен құттықтап, шығармашылығына шалқар шабыт тілейміз.

Өз тілшімізден

Басқа материалдар

Back to top button