Жаңалықтар

Белгілі жазушы, қоғам қайраткері Кәмел Жүністегі дүниеден өтті

Кәмел Жүністегі 1939 жылы 27 қаңтарда Шет ауданы, Ақсу-Аюлы кентінде дүниеге келген. 1960 жылы Қарағанды педагогикалық институтына оқуға түсіп, 1962 жылы қазақ жастары жасырын құрған ЕСЕП-тің (Елін сүйген ерлер партиясы) ұйымдастырушысы ретінде саяси айыпталған. 1967-1984 жылдары мектепте мұғалім, 1984-1988 жылдары оқу бөлімінде, «Білім» қоғамында, 1989 жылдан 1992 жылға дейін аудандық мұражай директоры, 1992-2005 жылдары аудандық «Заман» газетінің редакторы болып қызмет атқарды.

Кәмел Жүністегі «Құрмет» орденінің иегері, ҚР мәдениет қайраткері, С.Сейфуллин атындағы сыйлықтың иегері, «Дос көңілі», «Көне хикая», «Көксеу», «Көксеңгірдің тасында», «Соңғы Абыз», «Ұлы пайғамбар және ұрпақтары», «Шырағдан», «Қоңыр Құлжа», «Мөрші», «Арманым оттан өрілген», «Едіге», «Адам, қайда барасың?» кітаптарының, «Құба белдер» трилогиясының, «Тар заман» спектакльінің, «Шортанбай жырау» зерттеу еңбегінің авторы.

Марқұмның туған-туыстарына, жақындарына көңіл айтамыз!

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button