Жаңалықтар

Белгілі театр және кино актері Қайрат Кемалов дүниеден өтті

Қазақстанның театр және кино өнерінде өшпес із қалдырған белгілі актер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Қайрат Кемалұлы Кемалов дүние салды.

Қайрат Кемалұлы 1957 жылы 8 қаңтарда Жезқазған облысы Жаңаарқа ауданының Атасу кентінде дүниеге келген. Өнер жолындағы алғашқы қадамын 1978 жылы Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясын тәмамдағаннан кейін бастады. Оның шығармашылық өмірі Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ академиялық драма театрында және Сәкен Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық қазақ драма театрында сахна мен экранда өзіндік қолтаңбасын қалдырған дара тұлға. Ол көптеген күрделі образдарды шебер сомдап, көрерменнің ыстық ықыласына бөленді. Әсіресе, 2016 жылы түсірілген «Қазақ хандығы» тарихи телехикаясында Керей хан бейнесін көркем әрі салмақты түрде алып шығуы — актерлік шеберлігінің биік шыңы болды.

2006 жылы Қайрат Кемалов театр және кино саласына қосқан өлшеусіз үлесі үшін «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері» атағымен марапатталды.

«Saryarqa Aqparat» ЖШС ұжымы Қайрат Кемалұлының отбасына және барша жақын-жуықтарына қайғыларына ортақтасып, көңіл айтады. Жаны жәннатта, тәні рахатта болсын!

Басқа материалдар

Back to top button