ТОКҮО 2020
		
	
	
Бекзадтың асығы алшысынан түспеді
Бокстан Токио Олимпиадасында Қазақстан командасының үздігі Бекзад НҰРДӘУЛЕТОВ жеңіліп қалды.
81 келіге дейінгі салмақта жұдырықтасқан Бекзад Нұрдәулетов ресейлік Имам Хатаевпен кездескен болатын. Тартысты кездесуде төрешілер 4:1 есебімен жеңісті ресейлік боксшы Имам Хатаевқа берді. 
Осылайша, 2019 жылғы әлем чемпионы Бекзад Нұрдәулетов Токио Олимпиадасындағы бірінші жекпе-жегінде жеңіліс тапты.
Ал,Қазақстан боксшылары сапынан төртінші спортшы Олимпиаданы аяқтады.



