АймақБалқаш

Бектауатадағы су қоймасынан сынама алынды

Өңірде экология департаментінің мамандары айдын-көлдердің су сынамаларына сараптау жасау жұмыстарын жалғастыруда. Бұл жолы зертханалық тексеру үшін мамандар Бектауата таулар желісіндегі су қоймасынан су сынамасын алды.

 

Департаменттің экологтары жергілікті полиция өкілдерімен бірлесе аумақтағы су қоймаларына тексеру жұмыстарын жүргізді. Мамандар межелі жерге жеткен бойда «Ltd Sitik» ЖШС-нің су таситын көлігі айдыннан суды сорып жатқанын көрген. Дегенмен, аталған кәсіпорын өкілінде 2020-2024 жылдар аралығында суды пайдалануға берілген арнайы рұқсат қағазы бары анықталды.

Мамандар бұл аумақта су қоймасына экологиялық теріс әсер ететін өндіріс орындарының жоқтығын айтуда. Дегенмен, су сынамалары алынып, тексеруге жіберілген. Нәтижелер мен қабылданған шаралар жайында алдағы уақытта белгілі болады.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button