Бектау атаға апаратын жолдың жөндеу жұмыстары басталды
Жөндеу жұмыстарына қаражат облыстық бюджеттен бөлінді. Жанартаулық тектегі бірегей гранитті массивке айналған Бектау ата шатқалында «Жас Қанат» балаларды сауықтыру лагері бар. Бұған дейін балаларды лагерьге жеткізу әрдайым қиындық туғызатын. Алдағы уақытта көліктік қолжетімділікті жақсарту саяхатшылардың санын арттырып, демалысқа жайлы жағдай жасауға мүмкіндік бермек.

– Биылғы маусымда алғашқы екі шақырым жолды асфальт төсейміз. Жұмыстар қазан айының соңына дейін аяқталады, – дейді мердігер ұйымның директоры Маратхан Жұмалиев.
Жолды жөндеумен қатар заманауи жол бойындағы сервисті қалыптастыру жүргізілуде. Алматы – Екатеринбург тас жолының шатқалға апаратын бөлігінде инвесторларға көпфункционалды кешен, базар, кафе, сауда орындары, жанармай құю бекеті, техникалық қызмет көрсету орталығы және автожуу нысандарын салу үшін алты жер телімі берілген. Нысандардың бір бөлігі салынып жатыр.
Материалды әзірлеген Аяулым СОВЕТ