Бейсенов академиясы заң саласындағы жаңашылдықтарды талқылауда
Бүгін Б. Бейсенов атындағы Қарағанды академиясында “Қоғамда заң және тәртіп идеологиясын іске асыру бойынша заманауи ғылымның өзекті мәселелері” тақырыбында халықаралық ғылыми–практикалық конференция өтуде.

Конференцияда қоғам дамуының негізгі қағидаты ретінде заң және тәртіп идеологиясын ілгерілету көзделген. Сондай-ақ құқық қорғау саласында инновацияларды қолдануды қамтамасыз ететін ғылымды дамытудың басым бағыттары талқылануда.
Конференцияға қатысушылар қоғамдық тәртіпті нығайту, құқық бұзушылықтардың алдын алу және полицияның құқық қолдану қызметінің тиімділігін арттыру мақсатында заңнаманы жетілдіру мәселелерін айтуда. Қазіргі заманғы сын-тегеуріндер контексінде ішкі істер органдарын (полицияны) жаңғырту талаптары көзделуде.
Жәлел ШАЛҚАР
“Ortalyq Qazaqstan”