Поэзия

“Бейбіт күннің жарқырап шашулары”

Зинаида Чумакова

ШАШУ

Ғасырдан келе жатқан дәстүр бұл,

Шаштым шашу жан-жағыма –

Шаштым нұр!

Міне – саған, алтын-күміс,

Тасқын жыр!

Тек қазаққа біткен дәстүр – бұл!

Шашу – Далам,

Көк кілемдей ашылған,

Шашу – Ғалам,

Сенде ауыз ти шашудан!

Ырыс ортақ саған-дағы,

Маған да,

Дерт болмасын,

Өрт болмасын Ғаламда!

Мына дүние –

Махаббат пен Шапағаттың мекені,

Адамзатқа Алла ырзығы жетеді!

Аударған

Серік Ақсұңқарұлы.

ҚАЗАҚСТАН, ЖАЙНАЙ БЕР,

АЛТЫН ОТАН!

Бабалардың байырғы салтына тән –

Батыр бізді думанға, алтыбақан!

Байтақ дала бөленіп салтанатқа –

Жетсін үні шаттықтың шартарапқа.

Жастайымнан бұл өлке

жұмақ маған,

«Дударай» ғой жүрегім ұнатқан ән.

Қазақтардың білемін салт-ырымын,

Домбыраның сүйемін жарқын үнін.

Тербелеміз, тебеміз алтыбақан,

Қазақстан, жайнай бер, алтын Отан!

Ізгілікке бөленіп алып далам,

Көгінен кетпесін күй қалықтаған.

Жер бетінде жоқ мұндай сая жайлы,

Алтыбақан жанымды аялайды.

ҚАЗАҚТЫҢ ДӘСТҮРІ

Бұл дәстүр көне жырдай естіледі,

Шашудың күміс нұрдай есті лебі.

Қазақтың көріп осы жомарттығын,

Төріме шық, той тойла, қонақ, бүгін.

Халықтың даналығын, дархандығын

Бір ғана шашудан-ақ аңғардым мың.

«Шашудан ауыз тиген бақытты» деп,

Менің де тілімде жүр жақұт тілек.

Әжелер құрт, ірімшік, теңге шашып,

Ақындар термелеткен әнге басып.

Осындай сәтті айтшы бұйыратын,

Шашулар шаттық болып құйылатын.

Ғажайып мұның бәрі тойда мынау,

Болмасын тосын мінез, ойда қылау.

Бейбіт күннің жарқырап шашулары,

Жақындай түс, арманның асулары.

Аударған

Қуаныш Ахметов.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button