Жаңалықтар

Баянауыл мен Жасыбайға апаратын жол жөнделеді

Қарағанды мен Баянауыл, Жасыбайдың арасын қосып жатқан «Қалқаман–Баянауыл–Үміткер–Ботақара» тас жолына жөндеу жұмыстары басталып кетті. Әуелі үміткер ауылынан Ботақара ауылына дейін болатын 60 шақырым жолды жөндеу жоспарланған. Қазір ұзындығы 40 шақырым болатын жолға асфальт төселіп болған.

 

– Бұған дейінгі жолдың жағдайы көңіл көншітпейтін. Мамандар асфальтты жаңа технология бойынша төседі. Қазіргі таңда жолдың 40 шақырымы ретке келтіріліп, су өткізгіш құбырларын орнатты. Жұмысқа 50-ге жуық жұмыскер, 35 бірлік арнайы техника тартылды. Жазғы маусымның соңына дейін тағы 20 шақырым жол қалыпқа келтіріледі, – деп хабарлады «ҚазАвтоЖол» ҰК АҚ облыстық филиалы.

Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Back to top button