Жаңалықтар

Батыр есімін ұлықтау – тарихты ұмытпау

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІV сессиясында 500-ден астам көшеге елеусіз қалған жергілікті қаһармандардың есімі берілетінін мәлімдеді.

Сурет inform.kz

– Бірер күн бұрын менің тапсырмаммен Республикалық ономастикалық комиссия елді мекендердегі 500-ден астам көшеге бұған дейін елеусіз қалған жергілікті қаһармандардың есімін беру туралы шешім қабылдады. Ең алдымен, жаңа және атауы қайталанатын көшелерге басымдық беріледі. Бұл шешім – Ұлы Жеңісті, оған қатысушыларды қаншалықты қадір тұтатынымызды көрсететін маңызды қадам, – деп атап өтті.

Президент ержүрек батырларымызды жадымызда сақтау – құрметті ардагерлерге ерекше көңіл бөлу екенін айтты. Жанқиярлық еңбек пен ерлікті, парызға адал және антқа беріктікті ұмытпау – парыз.

Отан қорғау, патриотизм деген қасиетті ұғымдарды жас ұрпақ санасына ұялатуымыз керек. Ең бастысы, әрине, мемлекет пен қоғамның ерекше қорғауында болатын құрметті ардагерлерімізге айрықша көңіл бөлген жөн. Ерлердің есімдерін оқулықтарда атап өтіп, ұлттық рухымызды көтеуіміз тиіс.

Нұрсахан АХМЕТҚЫЗЫ,

Е. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті «Тұлғатану» ғылыми-зерттеу орталығының директоры, тарих ғылымдарының кандидаты

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button