Жаңалықтар

Батыл қадамдарға жол тартқан бастамалар

«Біз ең басты құндылығымыз – Тәуелсіздігімізді сақтап, ұлттық бірегейлігіміздің негізін нығайтып, елімізді жаңғырту жолында ұйысуға тиіспіз.

   Бұл – болашақ ұрпақ алдындағы қасиетті борышымыз».

Қасым-Жомарт Тоқаев 

(«Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыружолы» атты Жолдауынан)

Биылғы Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесі қарсаңында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстан халқына «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» Жолдауын жариялап, ел дамуыныңсаяси, экономикалық және әлеуметтікжаңғыруының басты бағдарын айқындап берді.Егеменді еліміздің аумақтық тұтастығы мен халқымыздың қауіпсіздігін сақтау үшін мызғымас бірліктің маңыздылығына тоқталып, еліміздегі биылғы жыл басында орын алған «қаңтар оқиғасы» қасіретінің қатерін ой елегінен өткізе сөз сабақтаған Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің ұстанымындағы жауапкершілік салмағының зор екендігін айқын байқатты. Әсіресе, қаңтар оқиғасына қатысты тергеу амалдарына алаңдаушылық білдіріп, билік тарапынан тек әділетке жүгінуге кепіл боларлық өзінің пікірін ашық айтты.

   Жолдауда сөз болған еліміздегі Президент өкілеттігін қысқарта отырып, Парламент өкілдігін арттыру, сол арқылы елдегі демократиялық сергектікті қамтамасыз ету жөніндегі бастамалары кімге болсын ой саларлық. Сонымен қатар, ел басқарушы Президенттің партия мүшесі болуын шектеу, сәйкесінше әкімдер мен әкім орынбасарларының партия қызметіне араласпауы сынды тың бастамалары партиялық дамудыңдербестігін қамтамасыз ететін басты фактор деп санайтын едім. Жоғарғы билік өкілі ретінде Президенттің араласпауын шын мәніндегі демократиялық мүмкіндік және партиялар арасындағы саяси бәсекелестікті дамыту ретінде бағалау керекпіз.

   Әр кез саяси реформалардың науқаншылдыққа емес, байыпты бағдарламаларға негізделуі тиіс. Осы тұрғыда ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев батыл қадамдарға жол тартып, тарихи шешімдер қабылдады. Сонымен қатар, Ұлы Даланың Ұлытауаймағының облыс болуы, Семей өңірінде Абай облысының аумағын құру және Алматы облысын екіге бөліп, Жетісу облысын жасақтау  – халықтың көкейіндегі орын алған талай жылдан бергі арман-тілегі болатын.

   Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев: «Біз қадамымызды саралап, таңдаған жолымызбен алға сенімді қадам басамыз. Біз жаңа Қазақстанда «түрлі көзқарас, бірақ біртұтас ұлт» қағидатын берік ұстануға тиіспіз. Бір-бірімізді жат көрмей, жақын тартып, қоғамда нақты өзгерістерге сенімді орнықтырамыз. Жұртымыздың күш-жігеріне, дарыны мен еңбекқорлығына сүйенеміз. Әр азаматтың өз қабілетін іске асыруына барынша қолайлы жағдай жасаймыз. Біз осылайша ғана халқымыздың жасампаздық әлеуетінарттыра аламыз. Осылай ғана өмірдің барлық саласын өзгертіп, реформалар дәуірін өз қолымызбен жасаймыз. Біз кез келген сын-қатерді бірге еңсеріп, Қазақстанымыздың қуатын бірге арттырамыз деп сенемін» – деді.Жолдауда жарияланған реформалардың жүзеге асуы қоғамның бірлесуі мен тұтастығына байланысты. Қазақстан Республикасының Президенті-Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысының тапсырмаларын бұлжытпай орындау – сап түзеген әрбір әскери қызметші үшін асқан жауапкершілік болып табылады. Басты мақсат – бой түзеген ортада кәсіби біліктілікті арттыруға, жауынгерлік даярлықты ілгерілетуге және әскери тәртіпті қатаң сақтауға мән беру керекпіз!

   Жақында ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен егеменді ел армиясының қатарына Арнайы операциялар күштерінің қолбасшылығы құрылғаны белгілі. Мұндағы әскери қызметшілерге берілген тапсырмаларға зор жауапкершілік таныту жүктелген. Сонымен қатар, жеке құрамға терроризмге қарсы операцияларға  қатысу және заңсыз қарулы топтарға қарсы іс-қимылды жүзеге асыру көзделген. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» атты Жолдауының жүгі – баршамыздан «бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып» іске кірісуді талап етеді. Сондықтан да, бүкіл ел болып Мемлекет басшысының маңайына топтасып, ел игілігі жолындағы берілген тапсырмаларды бірге жүзеге асырайық! Біз – бойымыздағы бар күш-жігеріміздіЖолдау тапсырмаларын жүзеге асыруға бағыттауға дайынбыз!

Тілек КЕНЖЕБЕКОВ.

Қазақстан Республикасының Құрметті азаматы

Приозерск гарнизонының Қарулы Күштер ардагерлері ұжымының төрағасы

Суретті түсіргенДуман ҚҰРМАНҒАЛИЕВ. 

Басқа материалдар

Back to top button