Медицина
Батық ауылында жаңа ФАП пайдалануға берілді
Медициналық қызмет сапасы мен қолжетімділігін жақсарту мақсатында Шет ауданы Батық ауылында “Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту” ұлттық жобасы аясында жаңа заманауи фельдшерлік-акушерлік пункт ашылды.
Батық ауылында 750 адам тұрады. Олар жаңа ФАП-тың ашылуын тағатсыздана күткен еді. Бұрынғы ғимарат апатты жағдайда болды. Мәселені шешу үшін көктемде жаңа ғимарат сала бастады және күзде ол құрылыс аяқтады.
Қажетті барық жабдықтар сатып алынды.
Батық ауылдық округінің әкімі Нұрасыл Әбілданың айтуынша, қазір науқастарды фельдшер қабылдап жатыр, болашақта тағы да басқа мамандарды қабылдау жоспарлануда.
Жыл соңына дейін Шет ауданында тағы 11 елді мекенде ФАП құрылысын аяқтау жоспарлануда.
Материалды әзірлеген Аида РАХЫМҚҰЛОВА