Жаңалықтар

Батальон командирлері сыналды

9-11 наурызда Қарағанды қаласында «Орталық» өңірлік қолбасшылығының батальон командирілерімен оқу-әдістемелік жиын өткізілді. Оған Солтүстік Қазақстан облысы, Ақмола, Қостанай, Қарағанды облыстарында орналасқан Ұлттық ұлан әскери бөлімдерінің әскерилері қатысты.

Суреттер: ҚР Ұлттық ұланының орталық өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметінен

Үш күн аралығында сардарлар нысанаға Калашников автоматы, пулеметі, Драгунов мергендік мылтығынан ату, БТР-ден нысанаға ату,  қоян-қолтық ұрыс тәсілдері, 100 метрге жүзу, шаңғымен 3000 метрді уақытқа бағындыру  сынды сынақтардан өтті.

Жарыс қорытындысы бойынша генерал-майор Сакентай Шекарбеков Орталық өңірлік қолбасшылығында жеке құрамды марапаттап, құттықтау сөздерімен тәмамдалды.

ҚР Ұлттық ұланының орталық өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі.

Басқа материалдар

Back to top button