Ресми

Басымдық – негізгі секторда

Облыстық мәслихаттың кезектен тыс XІX сессиясының күн тәртібінде бірқатар мәселелер қаралды. Олардың негізгісі – облыстық мәслихаттың былтырғы жылғы 14 желтоқсандағы X сессиясының №119 «2024-2026 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу.

Суреттерді түсірген Александр МАРЧЕНКО

Сессияны облыстық мәслихаттың төрағасы Нұркен Кобжанов жүргізіп, негізгі мәселелерге тоқталды, регламентін белгіледі. Қаржы басқармасының басшысы Людмила Башаринаның айтуынша, республикалық бюджеттен нысаналы трансферттер мен бюджеттік кредиттер сомаларының өзгерістері ескерілді. Шешім бойынша бюджеттің басым бөлігі – 64,1%-ы экономиканың нақты секторына бағытталмақ. Бұл қаражатқа жылыту маусымын үздіксіз өтуін қамтамасыз етіліп, ауыз су бойынша шығындарды субсидияланады және су құбыры желілерінің құрылысы мен реконструкциясы аяқталады. Сондай-ақ, шағын және орта бизнесті, агроөнеркәсіпті қолдау, әлеуметтік маңызы бар маршруттар бойынша жолаушылар тасымалын субсидиялау, ормандарды қорғау және ветеринария саласындағы шаралар, әлеуметтік сала және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту көзделген. Әлеуметтік салаға бюджеттің 27,8%-ы бөлінді. Жыл соңына дейін білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт объектілерін ұстау, мемлекеттік шығармашылық тапсырыстарды іске асыру, білім деру және денсаулық сақтау ұйымдарының матариалдық-техникалық базасын нығайту, сонымен бірге, мүгедектігі бар адамдарға әлеуметтік көмек көрсетілетін болады. Бұдан бөлек, бюджеттің 7,6%-ы ішкі құрылымдарды қолдау мақсатына бағытталады. Сонымен қатар, 19 елдімекеннің әкімін сайлау жұмыстарына да қаражат қарастырылған. Бұл ретте шығындар ретінде коммуналдық қызметтерді төлеу, «Жұмыспен қамту бағдарламасы» аясында қоғамдық жұмыстар бойынша еңбекақы төлеу, орман мекемелері қызметкерлерінің жалақысын арттыру, денсаулық сақтау объектілерін күрделі жөндеуді жалғастыру, Бұқар жырау ауданында спорт объектісінің құрылысын аяқтау, ауыл халқының табысын арттыру жөніндегі жобаны ұлғайту үшін 2023 жылы берілген микрокредиттер бойынша сенім білдірілген агенттің қызметтерін көрсету, эпизоотияға қарсы іс-шараларды өткізу, облыс аумағында қоғамдық тәртіпті қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар және басқалары есепке алынды. Сондай-ақ, бөлінген қаражат аясында облыстық бюджеттік бағдарламалардың жекелеген әкімшілері ішінде қаражатты қайта бөлу және бюджеттік бағдарламалардың облыс­тық әкімшілері бойынша қаражатты азайту ескерілді.

Сеессия отырысында сонымен қатар, депутаттар Қарағанды облысын басқару сызбасын бекітіп, облыс әкімдігінің дербес құрамындағы өзгерістер мен терроризмге қарсы және ономастикалық комиссиялардың құрамы келісілді.

Жансая ОМАРБЕК,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button