Ресми

Басты міндетіміз – референдумды заң талаптарына сай өткізу

Комиссия мүшелерінің кәсіби дайындығы тұрақты түрде пысықталып отырады. 2025 жылдың желтоқсан айында барлық 252 комиссия мүшесі мүгедектігі бар азаматтардың сайлау құқықтарын қамтамасыз етуге арналған арнайы бейне курстан өтіп, тестілеуден сәтті өтті.

Сонымен қатар 18 ақпанда Орталық сайлау комиссиясы «Республикалық референдумды ұйымдастыру мен өткізудің өзекті мәселелері» тақырыбында семинар өткізді. Семинарда референдумды өткізу кезеңдері, құқықтық негіздері, үгіт-насихат және жариялылық қағидалары, сондай-ақ халықаралық байқауды ұйымдастыру тәртібі жан-жақты қаралды.

23-25 ақпан аралығында Балқаш қалалық аумақтық референдум комиссиясы 35 учаскелік комиссия төрағалары үшін оқыту семинарларын өткізді. Бұл кездесулерде стандарттан тыс жағдайларға арналған тәжірибелік кейстер қарастырылып, қатысушылар өзара тәжірибе алмасты. Төтенше жағдайлар қызметінің өкілдері өрт қауіпсіздігі талаптарын егжей-тегжейлі түсіндірді. Біздің басты міндетіміз – референдумды заң талаптарына сай, ашық әрі әділ өткізу. Балқаш қаласының әрбір тұрғыны өз таңдауын еркін білдіре алады деп сенемін.

 Гүлмира АҒДАРБЕКОВА
Балқаш қалалық аумақтық сайлау комиссиясының төрайымы

Басқа материалдар

Back to top button