Басты мүдде – Медицинаны дамыту
Мемлекет саясатының басты стратегиялық мақсатының бірі – әрбір азаматтың денсаулығын қорғау және үнемі жақсарту болып табылады. Денсаулық сақтауды дамыту ісі Қазақстан Республикасының басты ерекшелігі болып саналады. 2016 жылы қосылған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасы саланың ары қарай жоспарлы дамуына негіз болды.
Бүгінгі таңда Қарағанды облысының аумағында денсаулық сақтау басқармасына ведомствалық бағынышты 70 мемлекеттік медициналық ұйымдар жұмыс жасайды. Сонымен қатар, жеке меншік нысандағы 42 кәсіпорын тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсетеді.
Ауылдарда 9 аудандық орталық ауруханалар, олардың ішінде 8 ауыл ауруханасы, 71 дәрігерлік амбулаториялар, 48 фельдшерлік-акушерлік және 197 медициналық пункттер жұмыс жасайды.
Бұл барлық ұйымдар жиынтығы өзінше көп дәрежелі медициналық көмек көрсету жүйесін көрсетеді. Онда 16,7 мың медициналық қызметкерлер, сонымен қатар 5 мыңнан артық дәрігерлер және 11,5 мың орта медициналық қызметкерлер еңбек етеді.
Ағымдағы жылы облыстың денсаулық сақтау саласына қойылған тапсырмаларды іске асыруға 67,8 млрд. теңге бөлінді, ол алдыңғы жылға қарағанда 19,0 % -ға артық.
Күн сайын медициналық ұйымдардың материалдық-техникалық базасы жетілдірілуде.
Өткен жылы 27 ауыл дәрігерлік амбулаториясы салынды.
«Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы шеңберінде 17 денсаулық сақтау объектілері жөндеуден өтті, оған 843,8 млн. теңге жұмсалды. Осылайша біз тек қолданыстағы ауруханалар мен емханалардың санитарлық жағдайын жақсартып қана қоймай, жаңа медицинада ұсынылатын үнемі өсіп отыратын талаптарға сәйкес жаңа құрылымдарды құрып, оларды жетілдіруге жол аштық.
Мысалға, Балқаш қаласында жаңа стандарттарға сәйкес келетін диагностикалық орталық ашылды. Теміртау қаласының №1 емхана корпусында жөндеуден кейін балалар бөлімшесі ашылып, ол пациенттер легін бөлуге және ересек адамдардан бөлек балаларды қабылдауға мүмкіндік берді.
Ағымдағы жылы медициналық ұйымдарды ретке келтіру жөнінде оң беталыстар жалғасын табады. 2,2 млрд. теңге 22 объектіні күрделі жөндеуден өткізуге бөлінді.
Емдеу, диагностиканың жаңа технологияларын дамыту және енгізу үшін, қысқа мерзім ішінде облыстағы стационарлар мен емханалар жоғары технологиялық медициналық жабдықтармен жабдықтау тәсілімен қамтамасыз етіледі.
Қарағанды облысында сомасы 3,0 млрд. теңгені құрайтын қаржы лизингін қолдана отырып медициналық жабдықтардың 153 бірлігін сатып алу жобасы іске асырылуда. 2016 жылғы 30.12. ахуалы бойынша 51 медициналық техника бірлігін жеткізу жүзеге асырылған, қалған жабдықтар 2017 жылғы бірінші тоқсанда медициналық ұйымдарға келіп түседі.
Бес институционалдық реформаны іске асыру жөніндегі «Ұлт жоспары –100 нақты қадам» бойынша саланың мәселесін шешуге мемлекеттік-жеке серіктестік (МЖС) қағидасы қолданылады.
Біз өзара тиімді шарттармен жаңа технологиялармен тауарлар нарығына кіретін әріптестерді ынтымақтастыққа шақырамыз, сол арқылы медициналық объектілерді жабдықтауға, құрылысқа арналған мелекеттік шығындарды азайтамыз.
Сонымен, өткен жылы Теміртау, Жезқазған, Балқаш қалаларындағы босандыру ұйымдарында УДС-диагностикасының 3 кабинеті ашылды. Қарағанды қаласындағы №1 ОА компьютерлік томограф орнатылды, Шахтинск қаласында гемодиализ бөлімшесі және Қарағанды, Теміртау, Балқаш, Жезқазған қалаларының медициналық ұйымдарында офтальмалогиялық бөлімшелер ашылды. Осылайша, денсаулық сақтау саласына 700 млн. аса жеке инвестиция тартылды.
Ағымдағы жылда 1 млрд. теңгеден көп жоспарланған 9 жобаны, сондай-ақ, Қарағанды қаласында емханалар, халық тығыз орналасқан аудандарда оңалту және аллергологиялық орталықтар, компьютерлік және магнитті-ядролық томография кабинеттерін ашуды іске асыру жоспарлануда.
2016 жылы денсаулық сақтау қызметкерлерінің қатарына 254 дәрігер қосылды.
2014 жылдан бастап облыстың медициналық ұйымдары елдегі ЖОО-ның резидентурасында салалық мамандарды мақсатты түрде дайындай бастады.
Медициналық-санитарлық алғашқы көмек (МСАК) қызметіне қатысты жетілдіру бойынша жоспарлы жұмыс жүргізілді. Облыс емханалары кезең-кезеңмен отбасылық қызмет көрсету қағидаларына ауысуда, учаскелерді шағындау бойынша жұмыстар жүргізуде. Бүгінгі таңда, бір жалпы тәжірибелік дәрігер (ЖТД) 2,5 мыңнан көп адамға қызмет көрсетеді. Тіркелген халық санын 1,6 мың адамға дейін жеткізіп, біз осы жүктемені кезең-кезеңімен төмендетуге ұмтыламыз.
Сондай-ақ, халық ұсынысымен емханаларда дәрігер-консультанттарды арттырумен, педиатрлық бөлімшелерді сақтау мүмкіндігі қарастырылған.
Облыстағы емханаларда Кешенді медициналық ақпараттық жүйесін (КМАЖ) енгізу аяқталды, ол кезекті азайту үшін пациенттер бағытын оңтайландыруға мүмкіндік береді. Енді пациенттің амбулаториялық картасы электрондық түрде қалыптасады. Бұл медициналық қызметкерлерді қағаз жұмысынан босатуға мүмкіндік береді. Учаскелік қызметтің мониторингін онлайн жүргізу ықтимал.
Сондай-ақ, облыстағы емханаларда тіркеушіден дәрігерлерге дейін қызметкерлердің жұмысын жеңілдету үшін «Электрондық тіркеу» жобасы енгізілді. Емханада мамандарға жазылу үшін өз бетінше жазылуға арналған терминалдар орнатылған. Сонымен қатар, МСАК ұйымдарының интернет сайттары арқылы дәрігерге жазылу немесе оны үйге шақыртуға болады. Науқастар ағымын реттеу мақсатында ем қабылдау кабинеттері, зертханалар, диагностикалық бөлімшелер электрондық кезекке енгізілді.
Бүгінгі таңда, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар арқылы пациентке өз уақытын тиімді пайдалану, маманды немесе қызметті таңдау, сондай-ақ оны алуға ыңғайлы уақыт таңдау мүмкіндігі ұсынылады.
Облыс стационарларында «Госпитальдық ақпараттық жүйе» жұмыс жасайды, оның көмегімен дәрілік заттарды сатып алған уақыттан пациенттерге табысталғанға дейінгі қозғалысын бақылау қамтамасыз етіледі.
Оперативті өңдеуді, талдауды қажет ететін және басқарушы шешімдерді қабылдайтын ақпараттар ағымының үнемі өсуіне байланысты Қарағанды облысының медициналық ұйымдарының қызметтерін бақылау және оперативті мониторингпен қамтамасыз ететін ситуациялық медициналық орталығын құру қажеттілігі туындады.
Әйелдер мен балалар денсаулығын қорғау бойынша іс-шаралар кешені өңделуде және орындалуда. Біз барлық МСАК ұйымдарына ары қарай экстрополяциямен «Босануға дейінгі дистанциондық патронаж» жобасын алғаш рет республикадағы облыстық 6 пилотты емханаларға енгізілді. Бұл әйелді арақашықтықта, яғни, жүктілігі кезінде, сонымен босанғаннан кейін де бақылау жүргізуге мүмкіндік береді. Электрондық денсаулық сақтауды дамыту жалғасатын болады.
2017 жылы барлық жедел жәрдем қызметтерінің бөлімшелеріне арналған бірыңғай диспетчерлік желіні құру жобасы, облыстық кардиохирургиялық орталығында ситуациялық орталықтардың ашылуы, облыс стационарларында КМАЖ енгізу бастамасы іске асырылуы мүмкін.
Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігімен бірге өлім-жітімді төмендету және орташа өмір сүру ұзақтығын арттыруда мемлекеттік бағдарламасының соңғы негізгі көрсеткіштеріне қол жеткізу үшін қажетті емдеу-диагностикалық шаралардың толық кешенімен қамтамасыз ету мақсатында халық өлім-жітімінің негізгі себептері болып табылатын – миокард инфаркты, жарақат, инсульт, онкологиялық аурулар, сондай-ақ босандыру және балалар қызметіндегі аурулары кезінде медициналық көмек көрсетудің біріктірілген түрлерін енгізу бойынша Жол картасы жасалған болатын.
Саланың бағдарламалық құжаттарын орындау – халық денсаулығын сипаттайтын негізгі көрсеткіштерді жақсартуға мүмкіндік берді. Балалар өлім-жітімі 6,9% төмендеді, туберкулезбен ауыратындар 15,3% төмендегені байқалды, бұл аурудың өлім-жітімі 16,9% төмендеді. Сондай-ақ қан айналым жүйесі ауруларының өлім-жітімі 17,8% төмендеді.
2016 жылдың қорытындысы бойынша болжамды өмір сүру ұзақтығы 71,1 жасқа жетті.
Алдағы уақытта азаматтар денсаулығын қорғауға, өмір сүру ұзақтығын арттыруға, медициналық көмектің қолжетімділігін, толықтығы мен сапасын арттыруда «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасын сәтті жүзеге асыру – басты мақсат болып отыр.
Е.НҰРЛЫБАЕВ,
«Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасы» ММ басшысы.