«Бастау Бизнес-2020»: Қарағанды облысында кәсіпкерлікті қолдау орталығы ашылды

Қарағанды облысында еліміздің басқа да өңірлеріндегідей 10-маусымда «Бастау Бизнес» жобасының шеңберінде кәсіпкерлік негіздерін тегін оқыту басталады. Өтінімдерді онлайн беруге болады.

Биылғы жылы карантиндік шараларды ескере отырып, қашықтан Atameken Academy платформасының көмегімен онлайн-оқыту қарастырылған. «Бастау» жобасы кәсіпкерлерді оқытуға, сондай-ақ бизнес-жобаларды қолдауға бағытталған.

Оқуға қатысушылар — жұмыссыздар, қалада жұмыспен қамту орталықтарында тіркелуіне қарамастан, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын, жұмыспен қамтылғандардың жекелеген санаттары, соның ішінде:

— ауылды жерлерде, қалада, сондай-ақ моно-қалалар мен шағын қалаларда тұратын тұлғалар;

— мүгедектер, егер медициналық қорытынды бойынша олардың денсаулығы жұмыс істеуге мүмкіндік берсе, олардың денсаулығына және/немесе басқа да тұлғалардың еңбек қауіпсіздігіне кедергі келтірмесе;

— 50-ден асқан, бірақ зейнеткерлік жасқа дейінгі адамдар;

— NEET санатындағы жастар;

— аз қамтылған отбасы мүшелері және/немесе көп балалы отбасылар;

— «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабы 11-тармағына сәйкес зейнеткерлік жасқа толмаған ауыл шаруашылығы кооперативтерінің және шаруа қожалықтарының, зәкірлі кооперацияға қатысушылары;

— қоныс аударушылар.

Оқу мерзімі 21 күннен аспайды. Сертификат дәріс аяқталғаннан кейін беріледі. Жобаға қатысу үшін жеке басыңызды куәландыратын құжаттың көшірмесін қосып, Жұмыспен қамту орталығына өтініш жазуы тиіс. Жұмыспен қамту орталықтары үміткердің мәртебесі жобаның мақсатты бағытына сәйкес болған жағдайда оқуға жолдама береді.

Үміткерлер «Атамекен» ӨКП немесе оның аудандық және қалалық филиалдарына оқыту топтарына қабылдану үшін баруы жолдамасын алып баруы тиіс. Сондай-ақ келесі сілтеме бойынша онлайн-өтінім жолдауға болады https://atameken.co/ru/course-bastau. Жеке басын куәландыратын құжатты және жұмыспен қамту орталығының жолдамасының көшірмелерін жүктеу керек.

Толығырақ ақпарат үшін Қарағанды облысының қалалары мен аудандарында орналасқан кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтарына бару керек:

— Қарағанды қ., Ермеков көшесі, 29 үй, каб. 317 — (8-7212) 50-64-18;

— Жезқазған, Ғарышкерлер гүлзары, 35 — (8-7102) 76-02-03;

— Теміртау. Димитрова көшесі, 100 үй — (8-7213) 30-09-72;

— Балқаш қ., Шашубай ш / а, 3Б үй, «Кулия» БО — (8-71036) 4-31-68;

— Приозерск қ.. Достық көшесі, 7 үй, кеңсе 1 — (8-71039) 7-90-67;

— Саран қ., Құжанов көшесі, 2 үй — (8-72137) 7-90-70;

— Шахтинск қ., Мәскеу көшесі, 27 үй — (8-72156) 4-95-96;

— Қаражал, 24-ші орам, 4 — (8-71032) 2-60-15;

— Ақтоғай ауданы-Ақтоғай ауылы, К. Байсеитова көшесі, 2 — (8-71037) 2-12-73;

— Абай ауданы-Абай қ., Жеңіс д-лы, 2 үй(Kazkom банкінің бұрыңғы кеңсесі)- (8-72131) 7-90-09;

— Бұқар Жырау ауданы-Ботақара кенті, Абылай Хан көшесі, 41б — (8-72154) 2-19-37;

— Нұра ауданы-Киевка кенті, Тәуелсіздік көшесі, 37 — (8-72144) 2-18-62;

— Шет ауданы-Ақсу-Аюлы ауылы, Шортанбай көшесі, 141а- (8-71031) 2-16-41;

— Қарқаралы ауданы-Қарқаралы қаласы, Әубәкіров көшесі, 34 — (8-7214) 6-3-30-75;

— Осакаров ауданы-Осакаровка кенті, Достық көшесі, 29 үй — (8-72149) 4-30-04;

— Жаңаарқа ауданы-Атасу кенті, Тәуелсіздік көшесі, 22 — (8-71030) 2-64-52;

— Ұлытау ауданы-Ұлытау ауылы, Абай көшесі, 18-2 — (8-71035) 2-14-15.