Әлеуметтік қызмет көрсету орталығындағы балалардың улануына қатысты бастапқы талдаулар мәлім болды
Қарағанды облысының балаларға әлеуметтік қызмет көрсету орталығында болған жағдай туралы Денсаулық сақтау министрлігі кеше, атап айтқанда, 31 шілдеде хабар алған. Содан бастап балалардың жағдайы қатаң бақылауда екенін айтты, Қарағанды облысына арнайы келген Денсаулық сақтау министрлігі Ажар Ғиният.
– Балалардың жағдайы нашарлауы, атап айтқанда, дене қызуының көтерілуі, құсуы сияқты белгілермен тағы да төрт баланың жансақтау бөліміне түсуі, жағдайдың асқынып кетуі қандай да бір улану жағдайларына ұқсамайтынын көрсетті. Денсаулық сақтау министрлігінің ең үздік мамандары қарағандылық мамандармен бірге балалардың өмірі үшін күресіп жатыр, – деді Ажар Ғиният.
Бүгінді таңда облыс ауруханасында 14 бала ем алуда. Алты бала қазір жансақтау бөлімінде. Яғни, балалар жедел медициналық көмек көрсету бөлімінде ем алуда. Алты баланың екеуінің жағдайы өте ауыр. Қалған бес баланың жағдайы жақсы. Қазір балаларда ауру белгілері жоқ.
– Қазір балаларда іш ауру, құсу тәрізді ауру белгілері жоқ. бірақ, әлі де бір күн дәрігерлердің қадағалауында болады. Ауруханадан соң ем алып жатқан орталыққа қайта жіберіледі. Ал, жағдайы ауыр алты баланың денсаулығы бойынша дәрігерлердің консилиумы жүргізілуде. Балаларға басты қатер – ағза улануынан болып тұр, – дейді министр.
Ажар Ғинаяттың айтуынша, бастапқы талдаулар балаларда ішек инфекциясының болмағанын көрсеткен. Себебі әлі анықталатын болады.
Салтанат ІЛИЯШ,
Ortalyq.kz