Ресми

Бастапқы капитал – қайтарымсыз көмек

20 ақпаннан бастап бизнес-идеяларды іске асыру үшін мемлекеттік гранттар алуға онлайн-өтінімдерді қабылдау басталады. Ол 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба аясында жүзеге аспақ. Қарағанды қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы берген мәліметке сәйкес, өтінім Business.enbek.kz порталында беріледі. Қабылдау 3 наурызға дейін жалғасады.

400 айлық есептік көрсеткіш мөлшеріндегі мемлекеттік грант – бастапқы капитал. Ол жаңа бизнесті бастау және дамыту үшін қайтарымсыз негізде беріледі. Әрбір қатысушы оны тек бір рет қана ала алады.

Алғашқы лектегі қатысушылар үшін 55 грант бөлініп отыр. Орталық мамандарының айтуынша, тіркелген жұмыссыздар мен жеке кәсіпкерлер (тіркеу мерзімі үш жылға дейін) грант алуға үміткер бола алады. Бұл жағдайда келесі әлеуметтік категориялардың біріне сүйенеді.

Көпбалалы санатында көпбалалы отбасы ретінде жәрдемақы алатындар, мүгедектігі бар баланы тәрбиелеуші ретінде жәрдемақы алатын отбасы мүшелері, қоныс аударушылар және олардың еңбекке қабілетті отбасы мүшелері, аз қамтылғандар санатында атаулы әлеуметтік көмек алушылар және олардың отбасы мүшелері, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік жәрдемақы алушылар, қандас мәртебесі бар адамдар, мүгедектігі бар адамдар грант иегері бола алады.

Үміткердің «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздерін оқығаны туралы сертификаты болу қажет. Сондай-ақ, мәртебесін тексеру кезінде жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысушы болып табылмауы тиіс. Бұл оңтүстіктен солтүстікке ерікті қоныс аударуға қатысушыларға қатысты емес. 

Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button