Жаңалықтар

Бастамалар баянды болсын

Бурабайда өткен Ұлттық Құ­рылтай – ел болашағына ықпал ететін маңызды оқиға. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамалары қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуына серпін берері шүбәсіз.

Сурет: newtimes.kz

– Біздің еліміз – әлеуметтік мемлекет. Сондықтан, білім беру, денсаулық сақтау салаларына инвестиция салуды жалғастырамыз. Бұл – біздің конституциялық міндетіміз. Бірақ, шын мұқтаж азаматтарға ғана көмек көрсетілуі керек. Қызметін асыра пайдалануға, алаяқтыққа жол берілмейді. Сондықтан, басымдық берілмеген жобаларға бөлінетін қаржы азаяды. Бұл қажет шара екені айдан анық. Үкімет осы жылдың соңына дейін оны қалай оңтайландыру керектігін біржола анықтап алуға тиіс, – деді Мемлекет басшысы.

Жоғарыдағы сөзінен-ақ, Президентіміздің азаматтық қоғамды нығайту, ұлттық бірегейлікті сақтау, жастарды қолдау және өңірлердің дамуын қамтамасыз ету сияқты мәселелердің реттелу жолын айғақтайды. Бұл бастамалар еліміздегі әрбір азаматтың әл-ауқатын жақсартуға, әділдік пен тең мүмкіндіктерді қамтамасыз етуге арналған.
Біз, қоғам белсенділері, Мемлекет басшысы нұсқаған баянды бастамаларды қолдап, әрбір маңызды мәселенің сәтімен жүзеге асуына атсалысуымыз қажет. Әр азамат ел дамуына үлес қосқанда ғана біз жарқын болашаққа қадам басамыз!
Осылайша, Ұлттық Құрылтайда көтерілген бастамалар – еліміздің өркендеуі жолындағы маңызды қадам екендігін жете сезінеміз. Әлеуметтік әділеттілік, ұлттық бірегейлік пен азаматтық жауапкершілік қағидалары негізінде қоғамымыз жаңғырып, жаңа белестерге бет алуда. Бұл – ортақ мақсат жолындағы бірліктің, ел дамуына әр азаматтың қосқан үлесінің нәтижесі. Біз болашағымызды бүгін қалыптастырамыз, ал, оның жарқын болуы – тек өз қолымызда!

Жібек КАМАЛИ,
қоғам қайраткері,
«Персона» фитнес-клубының директоры

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button