Ресми

Баспанаға сұраныс артты

Қазақстанда өткен айлармен салыстыр­ғанда баспанаға сұраныс артты.

Сурет: ratel.kz

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2024 жылғы шілдеде тіркелген тұрғын үйді сатып, алу-сату мәмілелерінің саны 40 099-ды құрады. Оның 9 126-сы жеке тұрғын үйлерге, ал, 30 973-і көпқабатты үйлердегі пәтерлерге қатысты келісімшарттар.

2024 жылғы маусыммен салыстырғанда тұрғын үйді сатып, алу-сату операцияларының саны 21,7%-ға өсті. Мәмілелер саны бойынша Алматы (7 091) және Астана (6 843) қалалары және Қарағанды облысы (3 208) көш бастап тұр.

Ұлттық статистика бюросы мәліметіне сүйенсек, Батыс Қазақстан облысын қоспағанда (5%-ға аз) биылғы шілдеде еліміздің барлық өңірлерінде транзакциялардың өсуі тіркелді. Биылғы маусыммен салыстырғанда көппәтерлі үйлердегі тұрғын үй операцияларының саны 24,5%-ға артты.

Материалды әзірлеген Аида РАХЫМҚҰЛОВА

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button