АбайАймақЖаңалықтар
Баскетболдан облыс чемпионаты өтуде
Кешелі бері Топар кентіндегі Денешынықтыру-сауықтыру кешенінде 2011 жылғы және одан төмен жастағы балалардың арасында баскетболдан облыс чемпионаты өтуде.

Бұл спорт түрінен болып жатқан жарысқа облыс қалалары мен аудандарынан ұлдардың 8 және қыздардың 6 командалары қатысып, оларға баскетболдан облыстың аға жаттықтырушысы Дастан Аятбек бастаған судьялар бригадасы төрелік етуде.
Баскетболдан балалар арасындағы облыс чемпионаты алты күнге созылып, сайыстар қорытындысында жеңімпаз командалар анықталып, олардың үздік ойыншылары қатарынан 12 ұл-қыз іріктеліп алынады. Олар осы 16 желтоқсанда баскетболдан өтетін республика чемпионатына қатыспақ.
Ержан ИМАШ
Абай ауданы



