Қарағанды

Бас жүлде – Әлібекте

    Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінің 2-курс студенті Әлібек МАРАТ «Тілдарын» үш тілді еркін меңгерген жастар арасындағы республикалық байқауда қатарынан қара үзіп, Бас жүлдегер атанды.

Астана һәм Алматы шаһарлары мен аймақтық іріктеуден іркілмей өткен сайыскерлер «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығында бас қосты. Сөйтіп, қазақ, орыс және ағылшын тілдерін меңгерген жастар білімін арнайы құрылған қазылар алқасы таразылады. Ережеге сай, қатысушылар үш кезең бойынша тапсырма орындады. Алғашқы айналымда сайыскерлер берілген тақырыптардың үш тілде мазмұнын ашса, келесі кезеңде ілеспе аударма жасады. Сөйтіп, қос кезеңде үш тілді білу деңгейлерін танытқан жастар соңғы сайыста қазақ тілінде эссе жазды.

Қарағанды облысының тілдерді

дамыту жөніндегі басқармасы.

Басқа материалдар

Back to top button