Бас редактор қара үзді
Nur Otan партиясының дәстүрлі республикалық «Nur sunqar» байқауының «Елбасы салған сара жол» аталымында облыстық «Ortalyq Qazaqstan» газетінің Бас редакторы Ерсін МҰСАБЕК лауреат атанды.
«Nur sunqar» республикалық байқауы жыл сайын өтеді. Медиа саласы қызметкерлерінің еңбегі мен кәсібилігі бағаланатын беделді марапат.
Ерсін Кәрібайұлылының бұл жеңісі ұзақ жылдардан бері қазақ баспасөз саласына сіңіріп келе жатқан ұшан-теңіз еңбегінің жемісі деп білеміз. Қаламы – жүйрік, ойы – ұшқыр білікті басшымызды жетістігімен құттықтап, Алла абырой биігінен төмендетпеуіне тілекшіміз.