Ресми
Бас прокуратура: Костенко шахтасында болған оқиғаны тергеу жалғасып жатыр
Бас прокуратура өкілдері шахтаға түсіп, оқиға орнынан тексеру жұмыстарын жүргізді.

– Ауысым қызметкерлерінен, «АМТ» Көмір департаментінің басшылары мен жауапты қызметкерлерінен жауап алынды. Кеншілер еңбегінің қорғалуын тексеру және қорытынды беру үшін мемлекеттік аудит мамандары мен басқа да сарапшылар тартылды. Шахтада жұмыстарды ұйымдастыруға және қауіпсіздік техникасын қамтамасыз етуге арналған құжаттамалар алынып, талдануда, – дейді Бас прокуратураның баспасөз қызметі.
Аида РАХЫМҚҰЛОВА,
ortalyq.kz