Ресми

Бас прокуратура Костенко атындағы шахтадағы төтенше жағдайды тергеудің алғашқы мәліметтерін хабарлады

Ведомствоаралық жедел-тергеу тобы “АрселорМиттал Теміртау” АҚ Костенко атындағы шахтасында ТЖ тергеуді жалғастыруда. Жергілікті жерде тергеу іс-шараларын үйлестіруді Бас прокурордың бірінші орынбасары жүзеге асырады.

Сурет: Облыс әкімдігінің баспасөз қызметі

Тергеу тобының мүшелері шахтаға түсіп, оқиға орнын тексерді. Ауысым қызметкерлерінен, “АрселорМиттал Теміртау” Көмір департаментінің басшылары мен жауапты қызметкерлерінен жауап алынды.

Жәбірленушілермен және қаза тапқандардың туыстарымен тергеу әрекеттері жерлеу рәсімінен кейін олардың әл-ауқатын ескере отырып жүргізілетін болады.

Бүгінгі таңда бірқатар сот сараптамалары тағайындалды, соның ішінде жарылыс-техникалық, биологиялық, геномдық-молекулалық және басқалар.

Кеншілердің еңбегін қорғау бойынша материалдық қамтамасыз етудің сәйкестігін тексеру және қорытынды беру үшін мемлекеттік аудит мамандары мен басқа да сарапшылар тартылды.

Жұмыстарды ұйымдастыруға және шахтада қауіпсіздік техникасын қамтамасыз етуге байланысты құжаттама алынып, талданады. Өзге де іс-шаралар жүргізіледі.

Тергеу жалғасуда. Қылмыстық іс Бас прокурордың бақылауында. Тергеу аяқталғаннан кейін кінәлілердің әрекеттеріне тиісті құқықтық баға беріледі.

Қазақстан Республикасы қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілуге жатпайды.

ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button